Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы 3 күнге жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 8 қазан күні сағат 02.00-ден 10 қазан сағат 05.00-ге дейінгі аралықта, сондай-ақ 12 қазанда 01.30-дан 17.00-ге дейін әуежайды жабу жоспарланған. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жермен жүру жолының қолданыстағы жабынына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
«Сол күндері ұшақтар қабылданбайды және ұшырылмайды. Бұл – әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара. Жоспарланған жөндеу мерзімі сол кездегі қолайлы ауа райын, сондай-ақ әуежайда ұшатын ұшақтар санының азаюын ескере отырып таңдалып, Оралға рейстерді орындайтын әуе компанияларымен келісілді. Жолаушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, сапарларын алдын-ала жоспарлауды өтінеміз», - делінген хабарламада.