×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қытайды жарықсыз қалдыруы мүмкін

29.09.2023, 11:46
Ресей Қытайды жарықсыз қалдыруы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Ресейлік "Интер РАО" энергохолдингі 1 қазаннан бастап енгізілетін экспорттық баждың бағасын көтеруге ниетті. Оның мөлшері рубль бағамына тәуелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РБК-ға сілтеме жасап.

"Интер РАО" өкілі Александра Панина мәлімдеуінше, егер ЕАЭО-ға кірмейтін елдер ресурстарды сатып алу бағасын 1 қазаннан бастап енгізілетін баж мөлшеріне арттыруға келіспесе, компания оларға энергия жеткізуді тоқтатуға дайын. Оның сөзіне сүйенсек, холдинг 1 қазаннан бастап Қытай, Моңғолия және Әзербайжанға бағаның 7%-ға өскені туралы хабарлаған. Болашақта бағаның өсуі Грузия мен Түркияға да әсер етуі мүмкін, бірақ қазан айында аталған елдерге жеткізілім жоспарланбаған.

Еуроодаққа экспорт тоқтатылғаннан кейін Қытай "Интер РАО" компаниясының ірі сатып алушысына айналды. 2022 жылы компания электр энергиясының рекордтық көлемін жеткізді – шамамен 4,7 миллион МВт/сағ.

Басылымның жазуынша, биыл Қиыр Шығыстағы энергия тапшылығынан туындаған шектеулерге байланысты жеткізілім көлемі төмендеді. Қытай кеден статистикасы бойынша жыл басынан бері Ресей ҚХР-ға 2,7 миллион МВт/сағатты 117,9 миллион долларға сатқан.

Дей тұрғанмен, қазір ресейлік реттеуші Қытайға "Интер РАО" сатылымының табыстылығын жасанды түрде 5%-ға дейін шектеп отыр. Маржаның қалған бөлігі Қиыр Шығыстың ішкі тұтынушыларына бағаны төмендетуге жұмсалады. Панина Ресейден Қытайға жеткізілім тоқтатылғандықтан, Қиыр Шығыстағы тұтынушылар үшін баға "айтарлықтай" өсетінін ескертті.

"5% табыстылықпен біз 7%-дық баж салығын төлей алмаймыз", - деп қосты ол.