×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Қазатомөнеркәсіпке" жаңа басшы келді

29.09.2023, 13:23
Kazatomprom

Мейіржан Юсупов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания мәліметінше, жаңа басшы 2 қазанда қызметіне кіріседі. Дәл сол күні Ержан Мұқанов директорлар кеңесінің мүшесі - компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. 

Мейіржан Юсупов «Экономика және басқару» мамандығы бойынша Таяу Шығыс техникалық университетінің, экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар Лондон экономика мектебінің және Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар Гарвард университетінің түлегі. Ол 2010 жылы корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры ретінде Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін әртүрлі лауазымдарда болды. 2015-2020 жылдары Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарды. Бұл тағайындауға дейін Юсупов мырза «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары