×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Синоптиктер елдің қай өңірлерінде үсік жүретінін айтты

29.09.2023, 17:25
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, жақын күндері атмосфералық фронтал бөліктер республиканың көп бөлігіне жауын-шашын әкеледі; жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады, 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз, жайлы, ашық күн райы сақталады. Елдің көп бөлігінде түнде және таңда тұман түсуі мүмкін.

“Ауа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде 0-8, күндіз 10-23 жылы болады. Оңтүстік шығыста түнде 5-15, күндіз 18-25 градусқа дейін ысиды. Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын ауа райының қолайсыздығы астық сапасына қауіп төндіріп тұрғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары