×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

"Тату көршіміз": Ресей СІМ Тоқаевтың cанкциялар жайлы сөзінен кейін мәлімдеме жасады

29.09.2023, 19:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресей Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың санкциялық режим туралы сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей СІМ Қазақстанның үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпайтынын мәлімдеді.

"Сонымен қатар Мәскеу мен Астана арасында біздің қарым-қатынасымызды стратегиялық әріптестік және одақтастық ретінде айқындайтын уағдаластықтардың тұтас кешені бар екендігін негізге аламыз. Екіжақты байланыстардың бұл сипаты саясат пен қауіпсіздік, сауда және басқа да салалардағы сындарлы өзара іс-қимылды қамтиды. Біз қазақстандық серіктестермен бірлесіп, біздің тату көршілік байланыстарымызға, соның ішінде өте ауқымды және екі елге де үлкен пайда әкелетін сауда-экономикалық кооперацияға теріс сыртқы әсерлердің алдын алу мақсатында әрі қарай тиімді жұмыс істейміз деп үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Германияда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

"Қазақстан санкциялық режимді ұстанатынын нақты айтты. Біз санкциялық режимді сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз және неміс тарапының санкциялық режимді айналып өтуге бағытталған ықтимал әрекеттерге қатысты қандай да бір күдігі болмауы тиіс", – деді президент.

Бұдан бұрын Еурокомиссия Қазақстан және Түркия тасымалдаушыларының 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, жуырда Швеция Ресеймен көршілес елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитетінің басшысы Азамат Паңбаевтың айтуынша, қазақстандық банктер ресейлік компаниялармен жұмыс істегендіктен батыстық санкцияларға ұшыраудан қорқады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

 

Серіктес жаңалықтары