Астанада 29 қыркүйекте Mazda 6 жүргізушісі жолаушылар тұрған аялдамаға соқтығысты, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.
Күдікті жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы оқиғаның салдарынан адамдар зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.