1 қазанда синоптиктер еліміздің төрт қаласының атмосферасында зиянды қоспалар көп болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында ауа райының қолайсыздығы күтілуде.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАО) – атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды немесе ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін тыныш, аз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. ҚАО пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайларды болжау болып табылады.
Қолайсыз ауа райында мынау ережелерді сақтаған жөн:
ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулары бар адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі тиіс;
Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.