×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қар, тұман, көктайғақ: Қазан айында ауа райы қандай болады

01.10.2023, 12:32
Фото: Ашық дереккөз

Қазгидромет еліміз бойынша қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Күздің екінші айы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бірінші онкүндікте атмосфералық фронттардың жиі өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді.

 

3-4 қазанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Түнде таулы аймақтарда жаңбыр жылбысқы қарға айналуы мүмкін. Тек кей күндері республика бойынша күн жылы әрі ашық болады.

Сонымен қатар бірінші онкүндікте кей аймақта ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.
Батыста түнде +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон +20+27°С; оңтүстік-батыста түнде +7+15°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +24+29°С-қа дейін болады.

Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында түнде 0,+7°С-тан, жекелеген аудандарда 3 градус аяздан +5+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+22°С-қа дейін; елдің оңтүстігінде негізгі фон түнде +5+13°С, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін жоғарылайды.

ҚР оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +5+13°С-тан +3+9°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +13+21°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.

Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасының төмендеуі болжанады. Еліміздің солтүстік жартысында +8+13°С, оңтүстік өңірлерде +17+25°С, оңтүстік-шығыс аймақтарда керісінше +22+27°C-қа дейін ауа райы жылынады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Айдың ортасында бұлтсыз ауа райы және температураның жоғарылауы күтіледі.

Айдың соңында республиканың барлық аумағында суық ауа райының кезекті толқыны болжанады, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман мен көктайғақ құбылыстары, екпінді жел болжанады.

Батыс өңірлерде түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін; республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін; ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5+10°С-қа дейін ауа температурасы төмендейді.

Серіктес жаңалықтары