×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Теңге барлық негізгі валюталарға шаққанда әлсіреді

02.10.2023, 10:22
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бірінші кредиттік бюро сарапшылары осындай мәлімдеме жасады. Мамандар мұндай жағдай 2022 жылдың қарашасынан бері болмағанын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге барлық негізгі валюталарға шаққанда айтарлықтай әлсіреді.

"Ұлттық валюта, әсіресе, долларға шаққанда күрт арзандады. Оның ресми бағамы бір айда 14,78 теңгеге өсті. Бұл – қатарынан екінші күрт өсім. Бүгінгі таңда американдық валютаның ресми құны 474,47 теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

8 айда алғаш рет теңге рубльге қатысты әлсірегені нақтыланды. Бүгінде Ресей валютасы 4,88 теңге тұрады.

Қыркүйек айында еуроның құны 3,69 теңгеге қымбаттап, 503,51 теңгеге жетті. Еуропалық валюта бағамы төртінші ай қатарынан көтеріліп келеді.

Еске салайық, бұдан бұрын Ұлттық банк мұнай бағасының қымбаттығына қарамастан теңгенің әлсіреуіне не ықпал еткенін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары