×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ел өңірлерінде жылыту маусымы қашан басталады: кесте жарияланды

02.10.2023, 12:43
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әлеуметтік нысандар жылу беріле бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылыту маусымы басталды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% - ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% - ы қосылған.

3 қазанда Алматы облысында; 10 қазанда Ұлытау облысында; 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылу беріледі деп жоспарланып отыр.

Жылыту маусымы Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан басталмақ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Кентеу ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілмегендіктен, тұрғындарға жылу дер кезінде берілмейді.

Серіктес жаңалықтары