×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

2040 жылға қарай мектеп түлектерінің 15%-ы ғана грантқа қол жеткізе алады

02.10.2023, 14:07
фото: ашық дереккөзден

Үкіметте «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бала туу көрсеткішінің көбеюіне байланысты болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің едәуір артатынын атап өтті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау аясында азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

Премьер-министр «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу мәселесі қазақстандық отбасылардың барлығына қатысты екенін атап өтті.

«Онда мемлекеттен берілетін бастапқы капитал, ата-аналардың ерікті салымдары, инвестициялық кіріс және мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Осылайша, жеңілдетілген білім беру несиелерінің интеграциясын ескере отырып, “Келешек” бірыңғай ортақ жинақтау жүйесінде мемлекеттік қолдау шаралары шоғырландырылатын болады. Оқуға түскенше жинақталған қаражат жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар саны айтарлықтай өседі деп күтілуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын гранттармен қамтуға мүмкіндік береді. Алайда қолданыстағы тәсілдер сақталса, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін қысқарады.

«Келешек» осы мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бірінші мамандықты алғанға дейін балаларды толық қолдауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

«Келешек» жүйесін келесі жылы енгізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары