×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Балаларға балтамен шабуыл: петропавлдық оқушының ісіне қатысты тың дерек шықты

02.10.2023, 17:12
фото: ашық дереккөзден

Үш балаға балтамен тап берген петропавлдық оқушының ісін прокурорлар қарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция барлық тергеу шараларының аяқталғанын мәлімдеді. Іс материалдарын Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы зерттеп жатыр, деп жазады 7152.kz.

"9-сынып оқушысы бірден қамауға алынды және осы уақытқа дейін тергеу изоляторында. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптама нәтижелері бойынша күдікті сотқа келуі мүмкін. Оның әрекеттері кісі өлтіруге оқталуға жатады. Қылмыстық іс прокуратураға зерделеу және одан әрі сотқа жолдау үшін жіберілді. Толық мән-жай сотта анықталатын болады", - деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. Балаларды жарақаттаған оқушы бастапқыда 2 айға қамауға алынды.

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары