×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанға тіркелген Polymetal AIX биржасының құрамына енді

03.10.2023, 08:02
REUTERS

Ресейдің ірі алтын өндірушілерінің бірі Polymetal акциялары Қазақстанға тіркелгеннен кейін Astana International Exchange (AIX) биржасының индексіне енді. Бұған сауда алаңының деректері дәлел бола алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді компания акцияларының салмағы индексте 15%-ды құрайды, ал Қазақстандағы листинг негізгі болып саналады, дей тұрғанмен компания Мосбиржадағы орнын сақтап қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Polymetal ресейлік активтерді сату жоспарлары туралы мәлімдеді. 2023 жылдың мамырында АҚШ компанияны санкциялар тізіміне енгізді. Сол айдың соңында Polymetal акционерлерінің көпшілігі (91,78%) компанияны Қазақстанда АХҚО-ға қайта тіркеуге дауыс берді. Маусым айында Polymetal оның басшылығы санкцияларға байланысты ресейлік бөлімшеден кететінін мәлімдеді.

Тамыз айында Polymetal Джерси аралынан Қазақстандағы "Астана" халықаралық қаржы орталығына қайта тіркеуді аяқтады. Редомициляцияға байланысты компания Лондон қор биржасының (LSE) негізгі сегментінде сауда-саттықты тоқтатты.

Компания алтын мен күміс өндіреді және Магадан облысында, Хабаровск өлкесінде, Свердлов облысында, Карелия Республикасында, Якутияда, Чукоткада, сондай-ақ Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Ол геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуден бастап құрылыс пен пайдалануға дейінгі кен кен орындарын игеру бойынша барлық жұмыстар кешенін дербес жүзеге асырады.

Бұдан бұрын “Астана” халықаралық қаржы орталықтағындағылар Polymetal қазір Қазақстанда ағымдағы санкцияларға ұшырамаған активтерге иелік ететінін, сондықтан ешқандай бұзушылық жасамағанын алға тартты. Олар сондай-ақ, Polymetal редомициляциясы (яғни, ұйымдық-құқықтық мәртебесін сақтай отырып, заңды мекенжайды бір юрисдикциядан екіншісіне ауыстыру) Қазақстанға қор нарығын дамытуға, ірі шетелдік активтерді тартуға, салықтық түсімдерді ұлғайтуға, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары