×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Куәлік ауыстырған кезде қазақстандықтардан саусақ ізі алынады – ІІМ

03.10.2023, 12:51
Фото: Ашық дереккөзден

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «қазақстандықтардан жаппай саусақ ізі алынады» деген әңгіменің негізі жоқ. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев осылай дейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтан жаппай саусақ ізі алынбайды. Жалпы заң 2016 жылы саусақ ізін тіркеу туралы қабылданды. Қазақстан ойлап тауып отырған жаңа ештеңе емес. Мұндай жүйе көп елде, оның ішінде жетекші елдерде де бар», - деді Марат Қожаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Қожаев заң күшіне енгеннен кейін де қазақстандықтар саусақ ізін түсіртуге міндетті емес екенін түсіндірді. Заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Бұл баршаңыз саусақ ізін түсіртуге барасыздар деген сөз емес. Қажеттілігіне қарай, мысалы, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың мерзімі аяқталғанда барасыз. Құжаттандыру жүйесі еш өзгермейді. Оның үстіне жеке құжатыңызға саусақ ізі түріндегі қосымша қорғаныш тетігі енгізіледі», - деді ІІМ өкілі.

Серіктес жаңалықтары