×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан қуылған судьялар мемлекеттік қызметке орналаса алады

04.10.2023, 09:26
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ережесіне түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жобаға сәйкес, кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан шығарылған судьяларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

"Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ теріс себептермен судья өкілеттігін тоқтатқан адам құқық қорғау қызметіне қабылданбайды. ҚР ҚК жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамдылығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкессіздігі туралы шешімі негізінде  өкілеттігі тоқтатылған судьяларды қоспағанда", - делінген жобада.

Конституциялық сот түзетулерге түсініктеме берді, бірақ кейінірек хабарлама желіден алынып тасталды.

"Түзетулер Конституциялық соттың нормативтік қаулысына сәйкес әзірленді, онда кәсіптік жарамсыздығы бойынша жұмыстан шығарылған судьяның өзге салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек бостандығына конституциялық құқығы сақталатыны атап көрсетілген. Заңнамаға енгізілетін түзетулер судьяның кәсіби жарамдылығын бағалауға байланысты мемлекеттік қызметтің әртүрлі түрлеріне қол жеткізу бойынша шектеулерді жоюға бағытталған", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары