×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Базарбектің талабы: саботаж жасаған әкімдердің атын атауға вице-министрдің батылы бармады

04.10.2023, 09:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Әсет Тұрысовтан цифрландыруға кедергі келтіріп отырған әкімдердің атын атауды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бақытжан Базарбек Мәжілістің бүгінгі отырысында Әсет Тұрысовқа сұрақ қойды.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) деген бар. Жер кадастрын жүргізіп жатырмыз. Оны сіздердің министрліктеріңіз бен мемлекеттік корпорацияларыңыз жүргізіп отыр. Кейбір облыс және қала әкімдіктері цифрландыруға кедергі жасап отыр. Орысша айтқанда, саботаж жасайды. Олар ақпаратты бермейді, уақытты созады. Тіпті кейбір ақпаратты жасырады. Ол қай облыстар? Нақты облыс әкімдерінің атын атаңыздар. Қорықпаңыз. Біз көмекшіміз. Облыс және қала әкімдерінің аты-жөнін атаңыз», - деп талап қойды Базарбек Тұрысовқа.

Бұл сұраққа Әсет Тұрысов нақты жауап бермеді. Ол ЖМБМК жүйесінің қызметін айтып, үш фазамен іске асырылып жатқанын, оның әрқайсысын айтып кетті. Депутаттың сұрағына нақты жауап бермеді.

«Иә, жергілікті әкімдіктердің кейбірі цифрландыруды жүргізбей отыр. Барлық әкімдікпен жұмыс істеп отырмыз. Әкімдіктердің тізімін қағаз жүзінде көрсете аламын», - деп жауабының соңын сұйылтты.

Алайда вице-министрдің бұлай жауапты басқа арнаға бұрғысы келгені Базарбекке ұнамай қалды. Ол сұрағын екінші рет қайтып, «әкімдердің атын атаудан неге қорқасыз?» деп сұрады.

«Мені түсінбедіңіз бе? Менде тіпті министрліктеріңіз бен әкімдіктер арасында хаттың көшірмесі бар. Онда анық сіздер ақпаратты сұрайсыздар – әкімдіктер созады. Әкімдіктердің атын атауға не кедергі? Жаңа Қазақстанды құрсақ, дәл қазір осы жерде құрайық! Осы жерде әкімдердің атын атаңыз!» – деп тағы талап етті ол.

Әсет Тұрысов алайда ешкімнің атын атай алмады. Жазбаша жауап беретінін айтты.

«Иә, жергілікті атқарушы органдар кейде ақпараттарды толық жібермейтін жағдайдар бар. Сұрау жасаймыз. Иә, біз Парламенттің қолдауын сезіп отырмыз. 89 қала бар. Әкімдіктердің жұмысын бағалауға құзыретті емеспін. Өз құзыретім шеңберінде жазбаша түрде жауап беруге дайынбыз», - дейді Тұрысов.

Серіктес жаңалықтары