×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қазіргі көлемде қалдырды

04.10.2023, 17:47
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қазіргі көлемде қалдырды
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін бейнеконференция форматында ОПЕК + бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 50-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оған Қазақстан тарапынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысқан. Отырыста 2023 жылғы шілде-тамызда елдердің ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды. 

“Қатысушы елдер бұрын 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған келісім бойынша ұстанымын қайта растап, оның шеңберіндегі міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын мойындады. Комитетке қатысушы елдер келісімге қатысушы елдердің бірлігіне сүйене отырып, нарықтағы өзгерістерге ден қою және қажетті шараларды қабылдауға дайын болу мақсатында нарықтық жағдайлардың мониторингін жалғастыруға уағдаласты”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Мониторинг комитетінің келесі отырысы 2023 жылғы 26 қарашаға жоспарланған.