×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жақсы күндерге дейін: ұйымдастырушы Галкиннің концерттері тоқтатылғанын растады

05.10.2023, 08:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресейлік әртіс Максим Галкиннің Қазақстандағы концерттері ақыры өтпейтін болды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы Алексей Пучков ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Концерттер 8 және 9 қазанда Астана мен Алматыда өтуі тиіс болған. Пучков билеттерді сатып алған көрермендерге оларды қайтаруды ұсынды. Ол әртістің кештері қай күні өтуі мүмкін екенін айтқан жоқ.

- Біз күрделі шешім қабылдадық: бізге байланысты емес себептер бойынша Максим Галкиннің Алматы мен Астанадағы концерттері жақсы күндерге дейін тоқтатылады, - деді ұйымдастырушы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар әзілкешті қолдау үшін петиция жариялаған болатын.

Ресейлік әртіс тамызда өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген.

«Кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар. Билеттерді сату не тоқтайды, не тоқтамайды. Түсінемін, мен қандай да бір себептермен Қазақстан билігіне қауіп төндіретін сияқтымын, олар менің концерттерімді өткізуден сескенетін сияқты. Қазіргі уақытта менің концерттеріме тыйым салынған», - деп шағымданды Максим.

Танымал әзілкеш «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» және осы оқиғаға өкінетінін айтты.

Кейінірек Халықаралық концерттік агенттіктің басшысы Алексей Пучков Галкиннің Қазақстанға келетінін, елімізде екі концерт өткізетінін мәлімдеді.

Алайда бірер күн бұрын ресейлік әртістің концерттері өтеді деп жоспарланған Алматы мен Астананың концерт залдарында «сахналар мен коммуникациялардағы проблемалар» анықталғаны хабарланды. Алматыдағы сахна механиктерінің апатты жағдайын ​​жарияласа, Астанада «коммуникацияларды жөндеу» туралы айтылды.

Айта кетсек, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, елден кетуге мәжбүр болған. Ресейде оған шетелдік агент мәртебесі берілді.

Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей басшылығының кейбір шешімдерін келемеждеді.

Алла Пугачева күйеуінің артынан Израильге барған. Күзде ол балаларына оралды.

Серіктес жаңалықтары