×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маңғыстаудағы ереуіл: жұмысшылардың құқығын бұзған мұнай компаниясы жазаланды

05.10.2023, 09:27
RFE/RL

Кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарына байланысты прокуратура «Phystech II» АҚ қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, компания қызметінде қызметкерлердің еңбек құқықтарының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

“Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі”, – делінген хабарламада.

2015 жылы тіркелген Phystech II шикі мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

2022 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында Phystech II  компаниясының 30-ға жуық жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыларын көтеруді талап етті. Компания өз қызметкерлерін "кәсіпорынның беделін түсіру және зиян келтіру үшін жалған ақпаратты жүйелі түрде таратып, жала жапты" деп айыптап, сотқа берді. Сот мұнайшылардың ереуілін заңсыз деп тапты. Кейінірек компания жұмысшыларға жалақыны кезең-кезеңімен көтеруді ұсынды, бірақ жұмысшылар жалақыны 100% көтеруді талап етуді жалғастыруға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары