×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Кінәсіне дәлел жоқ: Ақтау соты Айсұлу Дүтбаеваны түрмеге не үшін қамады

05.10.2023, 09:49
Кінәсіне дәлел жоқ: Ақтау соты Айсұлу Дүтбаеваны түрмеге не үшін қамады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақтауда журналист, белгілі қоғам қайраткері, "Маңғыстау Медиа" ЖШС бұрынғы директоры Айсұлу Дүтбаева мен кәсіпорынның бухгалтері Сүюбергеноваға үкім шықты. Жыл бойы 58 млн теңге көлемінде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жүріп жатқанда, Айсұлудың әріптестері ақылға сыймайтын айып алынатынына сенімді болды. Бірақ қоғамдық наразылыққа қарамастан, сот журналисті түрмеге қамауды жөн көрді. Ulysmedia.kz тілшісі Ақтауда не болғанын анықтап көрді.

"Маңғыстау Медиа" ЖШС-де қаражат жымқыру тарихы 2022 жылдың мамыр айында басталды. Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын бухгалтерінің үстінен іс қозғалды, ал Дүтбаевадан қорғауға құқығы бар куә ретінде жауап алынды. Біраз уақыттан кейін ол күдікті ретінде іске тартылды.

- 2022 жылдың маусым айында анамды күдікті ретінде тергеді, мұның бәрі тек бухгалтердің айғақтарына негізделген. 2022 жылғы 29 маусымда оны тергеу изоляторына қамады, онда анам 48 сағат отырды. Кейін  үй қамағына жіберілді, - дейді Айсұлудың қызы Карина Дүтбаева.

Оның айтуынша, Айсұлу Дүтбаева желіде тергеудің ашық жүргізіліп жатпағаны жайлы жазбалар жариялауды жалғастырды. Сонымен қатар, біреулер олардың отбасымен байланысқа шығып, Дутбаеваны қылмыстық істен "шығару" үшін өз қызметтерін ұсынған. 2 млн теңге, тіпті 14 млн теңге сұралған. Бірақ Айсұлу, мұндай "қызметтерден" бас тартты – ол өзінің кінәсіздігіне сенімді болды және мұны дәлелдей алатынына күмәнданбады.

- 2022 жылдың қараша айының соңында, тергеу аяқталған кезде анам Президентке, прокурорға үндеу жазды. Осыдан кейін ол тергеу изоляторына алты айға жабылды, оған "тергеу құпиясын ашты" деген айып тағылды. Осы алты айдың екі айында ол сот санкциясынсыз тергеу изоляторында отырды, бұл - біз тыңдауда бірнеше рет атап өткен ең өрескел құқық бұзушылық. Бірақ бұған да көз жұмылды, - деп атап өтті Карина.

2023 жылдың 25 мамырында сот отырысы қайта басталды. Айсұлу Дүтбаева тағы да үй қамағына алынды, бұл жолы байланыс құралдарын пайдалануға құқығынан айырылды.

- Екінші тарап (бухгалтер Сүюбергенованың қорғаушысы) тыңдауларды үнемі созбаққа салып, шоттар бойынша қайта сараптама жасау туралы өтініш білдірді. Екі мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша анамның шотына бюджет қаражатының бір тиыны түспегені және оның 58 млн теңгенің ұрлануына қатысы жоқ екендігі расталды, - деп түсіндірді Дүтбаеваның қызы.

Айыпталушы бухгалтер соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, өкініп, ұрланған қаражатты өтегеннен кейін бәрі аяқталуы керек еді. Суюбергенова 2021 жылы кәсіпорыннан кеткеннен кейін де кәсіпорынның жаңа директорының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, кәсіпорын шотынан тағы 5,8 млн теңге алғанын мойындады. Алайда, бұл жайт ешкімді елең еткізбеді – қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Дүтбаеваның қызы айтқандай, анасының сенгіштігі түбіне жетті, ол бухгалтерге өзінің жеке қаржысын кәсіпорындағы жалғыз сейфке салып қоюды тапсырған. Әңгіме 4,8 млн теңге жайлы.

- Прокурор сұрағандай, бухгалтер 7 жылға сотталды. Жалпы ұрланған қаржыға қосылған 4,8 млн теңгесі үшін анама 4 жыл кесілді. Бірақ біздің қолымызда бухгалтермен барлық хат-хабарлар бар, онда бұл анамның жеке қаражаты екені анық көрінеді. Валютадағы депозиттік шоттан ақша алу туралы анықтамалар мен үзінді көшірмелер бар, біз әр тиынның қайдан шыққанын сотқа көрсеттік. Куәгер бар, анамның досы, бұл ақша бұрын соның қолында болған. Ол да куәгер ретінде сотқа шақырылды. Бірақ сот бәріне көз жұмды", - дейді Карина.

Нәтижесінде үш баланың анасына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дүтбаева 1 қазаннан бері ауруханада жатыр. Балалар үкімді жариялау күні белгіленгенін білгенде, Айсұлудың денсаулығына байланысты оның мерзімін кейінге шегеруді сұраған. Бірақ сот өтінішті қанағаттандырмады.

- Үкім анамның қатысуынсыз жарияланды. Содан кейін оның палатасына күзет үшін екі офицер жіберілді. Ауруханадан шыққаннан кейін бірден оны тергеу изоляторына апарады, - дейді Карина көз жасын тоқтата алмай.

- Біз апелляциялық шағым береміз. Анам соңғы сөзінде кінәні мойындамайтынын айтты, өйткені ол кінәлі емес. Және ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеп, соңына дейін күреседі.

Қазір 24 жастағы Каринаның иығына анасының барлық міндеттері артылған, өйткені ол өзінің екі кәмелетке толмаған інісі мен сіңлісіне қамқорлық жасауы керек. Қалада олардың басқа ешкімі жоқ.

Айсұлу Дүтбаева – белгілі қоғам қайраткері. Ашық дереккөздерден оның арқасында бес аз қамтылған отбасы демеушілерден пәтер алғаны белгілі. Ол сондай-ақ 2019 жылғы президенттік сайлау кезінде Тоқаевтың ресми сенімді өкілі болды. Әр жылдары БАҚ саласында басшылық қызметтер атқарды. "Маңғыстау Медиа" ЖШС-не дағдарыс менеджері ретінде шақырылды. Дүтбаеваның басшылығымен қызметкерлердің жалақысы 15-тен 35%-ға дейін ұлғайтылды, ал кәсіпорын өз бетінше табыс тауып, мемлекетке табыс әкеле бастады, ескірген, апатты үй-жайдан қала орталығындағы жаңа, заманауи ғимаратқа көшті.

Тергеу басталғалы бері Facebook пен Instagram-да көптеген пікір жетекшілері, саясаткерлер, бизнесмендер, өнер адамдары, журналистер мен діни қызметкерлер Дүтбаеваға қолдау білдірді. Олардың қатарында: Бибігүл Нұрашева, заңгер, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Аида Аюпова, қазақстандық скрипкашы, жазушы Сәуле Досжанова, Ерлан Жандарбаев, есімі әлемге белгілі опера әншісі, ақын Алмас Ахметбекұлы, жерлестері Ринат Заитов және Астана Жазушылар одағының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы және т.б. бар.

Маңғыстау қаласының блогері және белсендісі Мекен Айшуақ Дүтбаева түрмеде отырғанда бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселені бірнеше рет көтерді.