×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Қанжығада 8 алтын: каратэші Нұрқанат Әжіқанов – Азия ойындарының чемпионы

05.10.2023, 15:04
Қанжығада 8 алтын: каратэші Нұрқанат Әжіқанов – Азия ойындарының чемпионы
gov.kz

Каратэден 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

Әжіқанов ақтық сында Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен жеңді.

Бұл – Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының сегізінші алтын медалі.

"Нұрқанат пен оның командаластарын осы табыспен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионға тең келер ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістермен жиі қуантуын тілеймін!" – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, ел қоржынына Азиаданың жетінші алтынын джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Нұржан Батырбеков салды.