×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Ақмола облысында оқушының басын тақтаға соққан мұғалім жұмыстан қуылды

06.10.2023, 08:16
видеодан кадр

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі оқушының басын тақтаға ұрғаннан кейін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір күн бұрын Қазнетте Ақмола облысындағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарады. Бейнежазбада көрсетілгендей, мұғалім балалардың бірін тақтаға шығарған.

"Не істеп отырсың? Неге мені сыйламай отырсың? Мен сенің алдыңда тұрмын ғой", - деп мұғалім ашуға булығып, оқушының басын мектеп тақтасына соғады.

Бейнежазбаның жалғасында мұғалім ортаға оқушыларды шығарып қойып, тәртіпке салған.

Бұл оқиға құзыретті органдардың назарынан тыс қалмады. Облыстың білім басқармасы мұғалімнің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралғанын хабарлады.

- Тарих пәнінің мұғалімі ҚР Еңбек кодексі негізінде жұмыстан босатылды. Мектеп директоры мектеп педагогының педагогикалық этика нормаларын сақтауын жеткіліксіз бақылағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлім етті ведомство.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда мұғалім колледж студентін белдікпен сабаған еді.

 

Серіктес жаңалықтары