×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

СҚО-да ветеринарлық құжаттар қолдан жасалған: 4 қылмыстық іс қозғалды

06.10.2023, 08:25
көрнекі фото

СҚО-да ветеринариялық қауіпсіздікті тексеру барысында елеулі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, ветеринариялық қызметтер «Ветеринария туралы» Заңның талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзған, ірі қара малға диагностикалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеген.

“Ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды (ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері), олар бойынша  Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген хабарламада.

Аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген.

Сонымен қатар арнайы пункттерде емес, жеке аулада мал сою тәжірибесі жалғасып жатқаны белгілі болды.

“Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жол берілген бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Уәкілетті органдар малды белгіленбеген жерлерде сойғандықтары  үшін адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бағдарланған”, – деп мәлім етті прокуратура.

Серіктес жаңалықтары