×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Еліміздің бірқатар өңірінде қырыққабат пен жұмыртқа бағасы қымбаттады

16.10.2021, 15:34
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2% құрады. Бұған қырыққабат бағасының 3,5%-ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қыметінің мәліметінше, қырыққабат бағасының ең көп өсуі Алматы қаласында (19,3%), Ақтөбе (7,4%) және Түркістан (6,7%) облыстарында тіркелді. Атырау облысында жұмыртқа бағасының едәуір өсуі орын алды (27%).

«Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада жұмыртқа (+70,6 млн дана), картоп (+17,4 мың тонна), сәбіз (+7,2 мың тонна), пияз (+4,7 мың тонна), қырыққабат (+4,8 мың тонна) және т. б. сатып алу ұлғайтылды. Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне бағаның мүмкін өсуі туралы жария мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды. Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты «Тараз қант зауыты» ЖШС-ға қатысты тергеу тағайындалды.

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және жалпы Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары