×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

ҰҚШҰ елдерінің әскері Балықшы полигонында оқу-жаттығу өткізеді

06.10.2023, 10:44
Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның әскери қызметшілері Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлесе «Мызғымас бауырластық – 2023» оқу-жаттығуға қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлаудың 2023 жылғы 6-13 қазан аралығындағы кезеңге арналған жоспарына сәйкес Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында (Балықшы қ.) "Мызғымас бауырластық-2023" Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған, – делінген хабарламада.

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Министрліктің хабарлауынша, “оқу-жаттығудың негізгі міндеті – “бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру”.

Оқу-жаттығуға Қарулы Күштерінен десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.

Серіктес жаңалықтары