×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматының екі ауданы мен Алматы облысының бір бөлігі сусыз қалады

06.10.2023, 11:24
фото: ашық дереккөзден

Келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарында суық су болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Алматы су" МКК мәліметінше, бұған жол-көлік айрығын салу жұмыстары себеп.

Компания хабарламасында Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жөніндегі жұмыстар шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмыстары орындалатыны айтылған.

Бірінші кезең. 9 қазанда сағат 00-00-ден 10 қазанда сағат 22:00-ге дейін мына  тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

  • Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, "Нұршашқан" шағын ауданы,
  • Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК;
  • Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Тузусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде "Нұрия"; "Достар", "Алма Тау", "Бесағаш", "Hayat Apartaments" "Ashyq Tobe" тұрғын үй кешендері;
  • Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
  • Атырау -1, 2, 3 шағын ауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді

Екінші кезең. 12 қазан сағат 00:00-ден 13 қазан сағат 22:00-ге дейін мына тұтынушылар сусыз қалады:

  • Түрксіб ауданы, Nomad city ТК;
  • Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК;
  • Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде "Нұрия", "Достар", "Алма Тау","Бесағаш", "Hayat Apartaments", "Ashyq Tobe"тұрғын үй кешендері;
  • Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
  • Атырау -1, 2, 3 шағын ауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді

Жұмыстың соңғы 3-кезеңін орындау шеңберінде 16 қазан сағат 00:00-ден 17 қазан сағат 22:00-ге дейін сумен жабдықтау мынадай мекенжайлар бойынша болмайды:

  • Түрксіб ауданы, "Нұршашқан" шағын ауданы, Nomad city ТК;
  • Алматы облысы, Талғар ауданы "Аспан Сити" ТК

Кеше Алматыда Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қиылысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бұқтырма көшесінің тоннелді бөлігі ашылды. Жоба Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа тасжолы бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бұқтырма көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары