×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті

06.10.2023, 11:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жылдық инфляцияның баяулау қарқыны жоғары. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің тежеу саясаты мен азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі аясында біртіндеп төмендеп келеді. Дегенмен, назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс және жоғары инфляциялық күтулер – инфляцияның ішкі факторларына жатады. Реттелетін бағалардың көтерілуінен болған қайталама әсерлерден тәуекел күшейді. Олар бұрын теңге бағамының динамикасымен өтелген болатын. Ағымдағы шешім мен тәуекел балансын ескерсек, 2023 жылы базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндіктері айтарлықтай шектеліп отыр. Жыл соңына дейін жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда ғана ақша-кредит саясатын жеңілдету шаралары қаралады”, – делінген хабарламада.

Ұлттық банктегілер жылдық инфляция биылғы қыркүйекте 11,8%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

“Инфляцияның төмендеуі ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен былтырғы жоғары база әсерінің біртіндеп сарқылуы аясында жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру жағдайында орын алуда. Қыркүйек айындағы көрсеткіш тұрғын үй коммуналды шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) тарифтерінің күтілгеннен қалыптырақ өсуіне байланысты болжамнан төмен болды. Айлық инфляция 0,6% болды. Бұл орташа тарихи мәндерден әлі де айтарлықтай жоғары. Инфляциялық процестердің орнықтылығын сипаттайтын базалық инфляция тұрақтанып келеді”, – деп мәлім етті банк.

Еске салайық, тамызда Ұлттық банк 3 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені 6,5%-ға дейін төмендеткен болатын. 16,75% базалық мөлшерлеме 2022 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданыста болды.

Серіктес жаңалықтары