×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Құлыбаеваның мектебінде 7 жасар баланың зорлануы: оқу-ағарту министрі не дейді

06.10.2023, 14:08
Коллаж: Ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматының жекеменшік мектебінде оқушыны зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл іс біздің балалар құқығын қорғау комитетінің толық бақылауында. Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Соның нәтижесіне байланысты нақты жауап болады деп күтілуде. Дей тұрғанмен, балаға, ата-анаға тиісті қолдау көрсету жағынан қазір комитет жергілікті басқармамен бірге жұмыстарды үйлестіруде. Бұл жерде сонымен қатар жергілікті балалардың құқығын қорғау өкілдігі де жұмыс атқарады. Басқа да тиісті ұйымдар тартылған», - деді Бейсембаев.

«Қылмыстың мектеп дәретханасында болғаны рас па?» деген сұраққа Бейсембаев бұл нақтылауды қажет ететінін ақпарат екенін, тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін нақты ақпарат белгілі болатынын айтты.

Еске салайық,1 қазанда Алматының элиталық мектебінде бірінші сынып оқушысы зорланғаны белгілі болды. Баланың анасы бұл оқиға қыркүйек айының ортасында болғанын хабарлады. Оның айтуынша, бала сабақтан кейін үйге келгенде шалбарының шап аймағы жыртылып тұрған, киімінде ақшыл дақтар болыпты. Өткен сейсенбіде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, бірақ күдіктілер анықталмағанын мәлімдеді

Зорлық көрген баланың анасының мәлімдемесі Қазнетте қызу пікірталас тудырды. Пайдаланушылардың бір бөлігі мектепке айып тағып, мектеп басшылығын қатаң жазалауды талап етсе, енді біреулер, керісінше, мұғалімдерді қорғап, бұл директорға қара күйе жағу үшін "тапсырыспен" жасалған іс деп мәлімдеді. Ulysmedia.kz тілшісі оқиға орнына барып, тек ауқатты ата-аналардың балалары оқитын жеке мекемеде не болғанын анықтауға тырысты.

Серіктес жаңалықтары