×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Министр Қазақстанда Максим Галкиннің концертіне тыйым салыну себебін айтты

06.10.2023, 16:41
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кез келген әртіс саясаттан тыс болуы керегін және Қазақстанға келген жатжұрттық өнер иелері соғысты насихаттамауы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министрден бейінді ведомство Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты ұстанымын белсенді білдіретін әртістерге кіруге тыйым сала ма деп сұрады. Ол бұл мәселені саясиландырмаған дұрыс деп мәлімдеді, өйткені концерттер ұйымдастырумен коммерциялық ұйымдар айналысады.

"Жалпы, әртістердің миссиясы басқа. Олар  саяси мәселелерге араласпауы керек, бұл - менің жеке пікірім. Өнер мен мәдениетте шекара жоқ. Мәселе кім қолдайтыны, кім қолдамайтынында емес. Әртістердің өз рөлі мен миссиясын түсінуі және өнер мен саясатты шатастырмауы маңызды. Әрине, ең бастысы, өнер иелері қоғамды қазіргідей қолдайтындар, қолдамайтындар деп бөлмеуі керек. Әртістердің бірінші кезекте еліміздің заңдарын құрметтеуі маңызды, біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, біздің де өз ұстанымдарымыз бар, олардың ең бастысы – халқымыздың тұрақтылығы мен бірлігін сақтау", - деп жауап берді Балаева.

Ресейлік әзілкеш Максим Галкиннің концертінің тоқтатылуы Балаеваның сөзінше, саясатпен және жекелеген мәселелермен байланысты емес.

"Онда мәселе бірінші кезекте тұрмыстық шаруашылық мәселелерімен байланысты. Сондықтан мен бұл жерде мәдениет пен өнерді саясаттан тыс деп санаймын. Кез келген жанрдағы барлық орындаушылардың миссиясы, ең алдымен, халықты рухани және мәдени тұрғыдан тәрбиелеу", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар ресейлік әзілкешті қолдау үшін петиция жариялаған болатын.

Ресейлік әртіс тамызда өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген.

«Кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар. Билеттерді сату не тоқтайды, не тоқтамайды. Түсінемін, мен қандай да бір себептермен Қазақстан билігіне қауіп төндіретін сияқтымын, олар менің концерттерімді өткізуден сескенетін сияқты. Қазіргі уақытта менің концерттеріме тыйым салынған», - деп шағымданды Максим.

Танымал әзілкеш «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» және осы оқиғаға өкінетінін айтты.

Кейінірек Халықаралық концерттік агенттіктің басшысы Алексей Пучков Галкиннің Қазақстанға келетінін, елімізде екі концерт өткізетінін мәлімдеді.

Алайда бірер күннен соң ресейлік әртістің концерттері өтеді деп жоспарланған Алматы мен Астананың концерт залдарында «сахналар мен коммуникациялардағы проблемалар» анықталғаны хабарланды. Алматыдағы сахна механиктерінің апатты жағдайын ​​жарияласа, Астанада «коммуникацияларды жөндеу» туралы айтылды.

Айта кетсек, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, елден кетуге мәжбүр болған. Ресейде оған шетелдік агент мәртебесі берілді.

Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей басшылығының кейбір шешімдерін келемеждеді.

Алла Пугачева күйеуінің артынан Израильге барған. Күзде ол балаларына оралды.

Серіктес жаңалықтары