×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Бүгін Астанада мен тағы төрт қалада ауа ластанады

07.10.2023, 10:25
Фото: Ашық дереккөз

Сенбі, 7 қазанда Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, бүгін, 7 қазанда  Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары