×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түркістан облысында рекордтық 10 мың тонна уран өндірілді

16.10.2021, 16:58
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысындағы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы, атап айтқанда «АППАК» ЖШС 2021 жылы рекордтық дайын өнім – 10 000 тонна уран шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, уранның өндірісімен айналысатын Қазақстан-Жапония бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылған.

Айта кетейік, 2011 жылы кәсіпорын 1000 тоннаға, 2015 жылы – 5000 тоннаға, 2021 жылы – 10 000 тоннаға жетті, яғни 10 жыл ішінде өндіріс 10 есеге өсті.

Уран өндіру ең озық, үнемді, қауіпсіз және экологиялық тәсілмен жүргізіледі.
Осылайша, уран өндіру жер асты-ұңғымалық шаймалау әдісімен жүргізіледі және дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда өндірудің неғұрлым төмен құнын қамтамасыз етеді. Еңбек өндірісінің қауіпсіздігі жоғары деңгейде және компания қоршаған ортаға неғұрлым ұқыпты қарауға тырысуда.

Серіктес жаңалықтары