×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен әскери-теңіз жаттығулары өтті

07.10.2023, 16:26
Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мен Әзербайжан бірлескен «Хазри-2023» әскери-теңіз оқу-жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бакуде қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан-Әзербайжан әскери-теңіз күштерінің «Хазри-2023» бірлескен оқу-жаттығулары барысында практикалық маневрлердің барысын бақылауға қатысты.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде екі елдің бөлімшелері бірлесе отырып, теңіз жаяу әскерлері үшін жауынгерлік дайындық жұмыстарын жүргізіп, кемелерді сәтті үйлестірді. Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері арнайы жасақ бөлімшелерімен бірлесе отырып, әуедегі, жердегі де нысаналарды жеңу бойынша тапсырмаларды орындады. Олар сондай-ақ азаматтық кемені және оның экипажын босату, кемеге көмектесу және сүйрету, экипажды құтқару және эвакуациялау сияқты оқу іс-шараларын өткізді.

Оқу-жаттығулар барысында теңізден өту кезінде әскерлерді конвойлау, лаңкестік және диверсиялық топтарды, уақытша базаларды залалсыздандыру, теңіз жаяу әскерлері мен арнайы жасақтардың қатысуымен аралды азат ету тапсырмалары да пысықталды.

Айта кетейік, оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің делегациясы қатысуда.

Оқу-жаттығулар нәтижелері бойынша екі тарап та қойылған міндеттерді орындаудың жоғары сапасын орындап, Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық әскери ынтымақтастығы аясында практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілік танытты.

Еске салайық, 19 қыркүйек күні түстен кейін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мойындалмаған "Таулы Қарабақ Республикасының" (Арцах) аумағында «антитеррорлық шаралар» жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қыркүйектің 20-сы күні түстен бері мойындалмаған ТҚР билігі соғысушы тараптар арасында келісімге келіп, атысты тоқтатуға қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Алим Байелдің мәлімдемесінде ол елдің Әзербайжанның егемендігі мен оның аумақтық тұтастығын толық қолдайтынын растады.

Бұған дейін Армения Путинді тұтқындауға ордер берген ХҚК Рим статутын ратификациялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары