Қытайлық Sichuan Airlines әуе компания Қазақстанға ұшақты техникалық тұрғыда қондыруды жоспарлап, Қытай мен Еуропа арасында жүк рейсін ашуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тұрақты жүк рейсі 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне белгіленген.
Чэнду – Алматы – Будапешт бағыты бойынша тікелей жүк рейсі аптасына бес рет, атап айтқанда, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Бұл бағытты орындау үшін Airbus 330 ұшағы пайдаланылады.
Ресми мәлімдемеде Қазақстан арқылы жүк тасымалының ашылуы елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
Бұған дейін қытайлық компаниялар тағы да америкалық санкцияларға ұшыраған болатын.