×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ауғанстанда жер сілкінді: кемінде 120 адам қаза тапты

08.10.2023, 09:18
avesta.tj

Ауғанстанның батысында күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін, көптеген адамдар үйінді астында қалып қойған.

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған күшті жер сілкінісінен кемінде 120 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жарақат алды, деп жазды жергілікті билік.

Әсіресе Зенда Ян аймағындағы төрт ауыл қатты зардап шекті, ондаған үй жермен-жексен болды.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, сенбі күні аймақта магнитудасы 6,3 баллдық жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан, одан кейін бірнеше рет жер сілкінісі болды.

Серіктес жаңалықтары