×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Израильдегі қазақстандықтарды елге жеткізетін ұшақ ертең Тель-Авивке аттанады

09.10.2023, 12:46
фото: ашық дереккөзден

Азаматтық авиация комитеті Израильдегі қазақстандықтарды елге жеткізу үшін жіберілетін рейс жайлы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.

Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтілуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Израильде 400 адамы, Палестинада 25 жанұясы қалғанын мәлімдеген.

Смадияровтың айтуынша, 7 қазанда Израильде жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан тарапы жедел штаб құрған. Ол штаб шетелде төтенше жағдай кезінде іс-қимыл жоспарын орындауға кіріскен. Қазақстандықтардан жедел желіге екі күн ішінде 500-ден астам қоңырау түскен.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі консулдық есебінде 77 адам, оның ішінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері бар. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 5 студент оқиды. 30-ға жуық қазақстандық түрлі медициналық мекемелерде тағылымдамадан өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары