ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.
«Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.