×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейді

10.10.2023, 08:37
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі еліміздегі жол-көлік апаттарына қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, биыл апаттың барлық көрсеткіштері аздап төмендеді:

— жол-көлік оқиғалары — 4%

— онда қаза болғандардың саны — 2%

— жарақат алғандардың саны — 8%.

Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, биыл да жол апаты салдарынан болған жасөспірімдер өлімінің көрсеткіші бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр.

— Тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп, — дейді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның сөзінше, жол апатынан зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалған бөлігі — жаяу жүргіншілер. Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзып, балаларды автокреслосыз, бустерсіз, адаптерсіз немесе мүлдем бекітілмеген күйде тасымалдайды.

Айта кетейік, маусымда Маңғыстауда жол апатынан бес бала көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары