×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстанда инфляция баяулады: Ұлттық банк пен Үкімет еңбек кімдікі екенін анықтай алмай әлек

10.10.2023, 10:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов ҰБ төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловқа ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндама жасады. Ол жылдық инфляция орташа қатаң ақша-несие саясаты және 2022 жылғы жоғары базаның біртіндеп таусылуы, жаһандық инфляциялық қысымның төмендеуі жағдайында баяулай бастағанын хабарлады.

Десе де, Қазақстанда реттелмейтін қызметтер қымбаттап жатыр. Атап айтқанда, жаңа оқу жылының басынан бастап білім беру қызметтері, жалдау ақысы, көлік қызметтері, амбулаториялық қызметтер құнының өсуі жеделдеді. Шолпанқұлов инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа тарихи мәндерден айтарлықтай жоғары екенін атап өтті.

"Жалпы, сыртқы және ішкі нарықтардағы инфляциялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Ұлттық Банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда", - деді Шолпанқұлов.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Шолпанқұловқа инфляцияның төмендеуі Үкіметтің жұмысының нәтижесі екенін айтты.

"Сіз инфляцияның баяулауын өткен жылдың базасымен байланыстырасыз. Бұл дұрыс емес. Инфляцияның баяулауы – Үкімет жұмысының нәтижесі", - деді премьер.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені тағы да төмендеткені хабарланған болатын

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені реттеу арқылы инфляциямен күресіп жатыр.

"Базалық мөлшерлемені реттеу арқылы біз инфляциямен күресеміз, бұл алғашқы нәтижесін бере бастады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ақшаның бағасы инфляциядан төмен болуы мүмкін емес, яғни бірде-бір банк оның пайыздық кірістерін инфляция "жейтінін" біле отырып несие бермейді. Тиісті алғышарттарсыз, яғни инфляцияның төмендеуі мен шоғырлануынсыз несие мөлшерлемесін төмендету мүмкін емес. Қазір жылдық инфляция біртіндеп төмендегеніне қарамастан, әлі де жоғары деңгейде. Айлық инфляция орташа тарихи деңгейден екі есе жоғары (қыркүйекте 0,6%)", – деді ол.

Серіктес жаңалықтары