×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теңге барлық негізгі валюталарға шаққанда тағы әлсіреді

11.10.2023, 07:55
Теңге барлық негізгі валюталарға шаққанда тағы әлсіреді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық валютаның аздап нығаюынан кейін доллар мен еуро сауда-саттықта қайтадан қымбаттай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кешегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың ресми бағамы 11 қазанға 477,21 теңгені құрап, 0,19 теңгеге көтерілді.

Ұлттық Банк белгілеген еуро бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 3,44 теңгеге көтеріліп, 505,89 теңгені құрады.

Рубль бағамы – 4,81 теңге.

Юань бағамы 65,41 теңгеге тең.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреу себебін түсіндірген.

Сүлейменовтің сөзінше, бұған бірнеше факторлар әсер етті:

- АҚШ долларының жаһандық нығаюы;

- импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;

- базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норма.