×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Домбыра харам ба, оқушыға орамал парыз ба – Бас мүфти даулы сұрақтарға жауап берді

11.10.2023, 14:11
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «домбыра, ән мен би харам ба?» деген сұраққа жауап берді. Ол сонымен қатар мектепке орамал тағып барғысы келетін оқушы қыздардың мәселесі жөнінде бір шешім ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл сұраққа бұрын жауап берілген. Бейбітшілік және келісім сарайында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арналған мәуліт іс-шараларын өткіздік. Ол жерде түгелдей домбыра, ұлттық аспаптарымыз насихатталып, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат, Аллаға мадақ айтылып келе жатыр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жылдан бері жұмыстарын жасап келе жатыр. Нақты айтар болсақ, ҚМДБ-да арнайы дін мен дәстүр бөлімі бар. Осы бөлімдер ұлттық құндылықтарымызды кеңінен халқымызға насихаттап келеді», - деді ол.

Наурызбай қажы «домбыра харам емес пе?» деген сұраққа «әрине» деп жауап берді. Сонымен қатар ол мектептегі хиджаб мәселесі жөнінде пікір айтты.

«Қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. ҚМДБ бұған қатысты мәлімдемемізді жасадық. Әрине, қазіргі таңда қоғамдағы тыныштық пен бірлікті бірінші ойлауымыз керек. Біздің осы қазіргі кездегі балаларымыз бойынша мектеп мұғалімдерімен кеңесіп, сөйлесіп, өзара шешкен абзал. ҚМДБ қыз баласының балиғат жасына келген кезде орамал тарту керектігі Шариғат талабы екені айтылды. Сондықтан, балиғат жасына қай кезде қыз баласы келеді – сол кезден бастап. Егер ол дінде жүріп, шарттарын орындап жүрген адам болса, оған айтылған мәлімдемемізді жарияладық», - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ-қарасты 9 медресе-колледжі бар екен. Соның бірнешеуінде 9-шы сыныптап бастап қыз балаларды қабылдап, оқытылуда. 

«Орамалмен медресе-колледждерде оқығысы келетін қыздарға сондай балама мүмкіндіктер жасалған. Медреседе біздің Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген стандарттары бойынша колледж білімі беріледі. Әрине, ол жерде Ислам діні және өзіміздің зайырлы колледжге арналған мектептегі білім беріледі. Зайырлы және діни білім», - дейді ол.

Наурызбай қажы Тағанұлы балиғат жасына толмаған қыз балаларға орану парыз емес екенін ескертті.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы қоғамда мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты дау-дамай басылмай тұр. Бұдан бұрын  оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров кез келген діни шектеулер конституциялық құқықтардың бұзылуына алып келетінін мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Ардақ Назаров Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салып, оның әрбір азаматы заңға бағынуы керегін айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дауға айналған мәселеге қатысты ойын ортаға салды.

Ал жуырда Республикалық педагогтер съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесінің түйінін шешіп берді.

Серіктес жаңалықтары