×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда Беларусь компанияларының саны күрт өсті

12.10.2023, 10:39
Фото: shutterstock; wikimedia commons

Өткен жылы Қазақстанда шетелдік меншіктегі компаниялар мен филиалдардың саны өсті - 2022 жылғы 1 қазанда олардың саны 44,5 мың болса, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 55,2 мыңға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Data Hub мәліметінше, елімізге келген шетелдік компаниялардың құрылған мемлекеті бойынша алғашқы ондық өзгерді: Беларусь ҚР-да тіркелген компаниялар саны бойынша АҚШ-ты топ-10-дықтан ығыстырды. 

"Қазақстанда американдық капиталы бар ұйымдар қазір 718, ал беларусьтік ұйымдар – 820. Рейтинг көшбасшыларының үштігі өткен жылдан бері өзгерген жоқ. Бірінші орында – Ресей, өткен жылы Қазақстанда бұл ел компанияларының саны 15,9 мың болса, биыл 22,6 мыңға дейін өсті. Екінші орында – Түркия (бір жыл бұрынғы 5 мың ұйым болса, қазір – 5,5 мың) және үшінші орында – Қытай (өткен жылы 3,2 мың, биыл 3,9 мың ұйым) келеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Ресейдің ірі алтын өндірушілерінің бірі Polymetal акциялары Қазақстанға тіркелгеннен кейін Astana International Exchange биржасының индексіне енген болатын.

Сондай-ақ, Fix Price дүкендер желісі Кипрден Қазақстанға қайта тіркелуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Бұған дейні көлік министрі Марат Қарабаев Ресей және Беларусь тасымалдаушылары жергілікті тасымалдаушыларды ығыстырып, қазақстандық нарықты басып алды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары