×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Елбасы" – артық сөз: Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді

12.10.2023, 10:51
Фото: Ашық дереккөзден

Университеттің атауынан «Тұңғыш президент атындағы» сөзі алынып тасталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды. Сенатор Бекбол Орынбасаров заң жобасы туралы айта келе, Ұлттық қордың мәселесімен бірге ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгеретіні туралы да атап өтті.

«ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы конституциялық заңның тоқтатылуына байланысты ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп атау ұсынылды. Сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін реттейтін қайталанатын нормалар алынып тасталады. Бұл түзетулер заңды және принциптік сипатта. Сондықтан, Сенат заңның жекелеген баптарын мақұлдамауға және аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруға тура келді», - деді Орынбасар.

Сенатордың айтуынша, Ұлттық қорғаныс университеті атауынан «Тұңғыш президент атындағы» сөзі алынып тасталады.

«Оқу орны бұдан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады», - деді ол.

 

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Ал қыркүйектің соңында Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары