×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

«Халық жазушысы» атағы қайтарылады: оның иегеріне 17 954 теңге беріледі

12.10.2023, 11:47
Фото: Ашық дереккөзден

18 мың теңгеге жуық үстемақының өзі тек мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін жазушыларға ғана беріледі. Жұмыс істемейтіндерге берілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатта бүгін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды. Аталған заңда мемлекеттік наградалар туралы, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңдарға түзетулер енгізіледі.

Сенат депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, 17 маусымда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Халық жазушысы» атағын қайтару туралы тапсырманы президент Тоқаев берген. Бұл атақ әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығы болады.

Кулуарда Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев атаққа ие болу үшін алдымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері немесе әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы болуы керектігін айтады. Оның сөзінше, «Қазақстан Халық жазушысы» атағы 1984-1990 жылдар аралығында 39 қаламгерге берілген. Көзі тірілердің ішінде атақ Мұхтар Шаханов, Мұхтар Мағауинге табысталған. Атақты алған адамға қандай да бір материалдық төлем аударыла ма деген сұраққа вице-министр былай жауап берді.

«Үкімет қаулысына егер ол кісілер мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе, онда тиісті үстемақысын алады. Жұмыс істемесе алмайды. Оның ешқандай қаржылық есебі қарастырылмаған. Үстемақы 17 954 теңге шамасында болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары