×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бәрі жақсы дей алмаймын: министр Шарлапаев көмірмен қамту проблемалары жайлы

12.10.2023, 14:52
фото: ашық дереккөзден

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев алдағы жылыту маусымында халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шарлапаев көмір мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

"Бізде бәрі өте жақсы жүріп жатыр деп айта алмаймын. Тасымалдау бойынша туындайтын мәселелер бар, оларды жедел шешіп жатырмыз. Кейбір аймақтарда көмірді таратуға қатысты сұрақтар бар. Десе де, қазір қамтамасыз ету жоспарына сәйкес жеткізіп жатырмыз. Кейбір аймақтарда күн суып кетті. Бұл мәселе үнемі біздің бақылауымызда екенін қайталап айтамын. Жылыту маусымы бойы жағдайды бақылауда ұстаймыз деп үміттенеміз", - деді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде көмір өндірушілер арасында делдал арқылы көмір сату ісі тоқтамай тұрғаны хабарланған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, көмір өндіруші компаниялар биржалық сауда-саттықты пайдаланады. Биржада көмір ірі көлемде (3 млн тоннаға дейін немесе жылдық жөнелтілім көлемінің 71% дейін) бірнеше жыл ішінде өзгермейтін, шектеулі жеткізушілерге (2-ден 17-ге дейін) бірнеше минут ішінде сатылып кетеді. Аталмыш мәмілелер, жұмыс төлеммен де, тиісті жөнелту жолымен де қамтылмайды, сондай-ақ мұндай делдалдарда арнайы инфрақұрылым (қоймалар, тиеу-түсіру техникасы және т.б.) болмайды. Делдалдар көмірді сауда кезінде 100%-ға дейін жететін ақы қосып сатады.

Серіктес жаңалықтары