×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы әуежайын Әйгерім Тілеужан емес, онымен тегі бірдей адам басып алды – Бас прокурор

12.10.2023, 15:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталған журналист Әйгерім Тілеужанованың Бас прокуратураға ар-намысы мен қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 5 қаңтарда пленарлық отырыста Бас прокурор Асылов қаңтардағы оқиғалар туралы сұраққа жауап бере отырып, белсенді Әйгерім Тілеужан мен мұғалім Қалас Нұрпейісовті "діни экстремистер", сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар деп атады.

Нұрпейісов пен Тілеужанованың соты екі айдан кейін ғана басталғанын атап өту маңызды.

Асыловтың сөзі белсенділердің ашуын туғызды – олар прокуратураға келіп, "кінәсіздік презумпциясын бұзғаны үшін" оның отставкаға кетуін талап етті. Белсенділер бастапқыда істің айыптау сипатына ие екенін айтқан, бірақ прокурордың сөзінен кейін бұл мәлімдеме негізсіз болып көрінбеді.

Алайда, Бас прокуратура мұны кінәсіздік презумпциясын бұзу деп санамайды. Адвокат Айнара Айдарханованың хабарлауынша, сот Асыловтың жағына шығып, Тілеужанованың талабын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты.

"Сотта анықталғандай, депутаттардың сұрағына жауап беру барысында Бас прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар, ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы хабарлады, олардың арасында діни экстремистік ұйымның мүшелері, бұрын сотталған адамдар, ДВК қозғалысының(ҚР-да экстремистік деп танылған ұйым) жақтаушылары  бар екенін айтты. Сондай-ақ, А.Е. Тілеужанова емес, діни экстремистік ұйымның екі мүшесі Нұрпейісов пен Тілеужанова Алматы әуежайын басып алғанын хабарлады", - делінген сот шешімінде.

Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдарханова сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр.

"Менің шағымдарыма жауап ретінде Бас прокуратура әңгіме Әйгерім жайлы болғанын жоққа шығармағанына, мұны сотта Бас прокуратура өкілінің өзі растағанына, содан кейін филологтың қорытындысымен дәлелденгеніне қарамастан, сот біз күткендей прокуратураның жағына шықты", – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, аталған іс бойынша сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды. Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокаттар белсенділерді, соның ішінде Әйгерім Тілеужан кінәлі деп тауып, бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық соттың 26 қыркүйектегі отырысында судьяның әрекеті тек әлеуметтік желілерде ғана емес, адвокаттар қауымдастығында да дау тудырған-ды. Құқық қорғаушы Бақтияр Ғалымжанов кәсіби қоғамдастық бұл фактіге бей-жай қарамайтынын және адвокат әріптестерінің қадір-қасиетін қорғау үшін Конституциялық сот пен БҰҰ-ға жүгінетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары