×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Маңғыстаудағы ереуілдер: мұнайшылар құқығын бұзған компания мемлекет меншігіне өтті

13.10.2023, 12:11
RFE/RL

"Phystech II" АҚ акционерлері компанияның 100% жай акциясын мемлекетке беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KASE мәліметінше, 4 қазанда Phystech II акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті.

"Акционерлер жалпы бағалау құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (қоғамның жай дауыс беретін акцияларының 100%-ы) мемлекет пайдасына (мемлекеттік органдардың балансына) өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

2015 жылы тіркелген Phystech II шикі мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

2022 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында Phystech II  компаниясының 30-ға жуық жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыларын көтеруді талап етті. Компания өз қызметкерлерін "кәсіпорынның беделін түсіру және зиян келтіру үшін жалған ақпаратты жүйелі түрде таратып, жала жапты" деп айыптап, сотқа берді. Сот мұнайшылардың ереуілін заңсыз деп тапты. Кейінірек компания жұмысшыларға жалақыны кезең-кезеңімен көтеруді ұсынды, бірақ жұмысшылар жалақыны 100% көтеруді талап етуді жалғастыруға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

Кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарына байланысты жуырда прокуратура «Phystech II» АҚ қызметіне тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде компания қызметінде қызметкерлердің еңбек құқықтарының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

Серіктес жаңалықтары