×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Назарбаевтар елден$300 млрд әкеткені рас па – Әділет вице-министрі жауап берді

13.10.2023, 12:39

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова елден бұған дейін заңсыз түрде қанша қаражат шығарылғаны жөнінде ақпаратты кесіп-пішіп айту ерте екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин Назарбаевтар отбасының елден заңсыз шығарған активтері жөнінде өз пайымын айтқан еді.

«Назарбаев отбасында ұрланған активті, капиталды санайтын болсақ, ол меніңше, 300 млрд доллар шамасында. Әрине, Қазақгейттен кейін Нұрсұлтан Әбішұлы өзі қорқып, өз орнына басқа адамдарды қойып отырды да, Тұңғыш президент қорын ашты. Сол себептен 2023 жылдан бастап үкіметтің тікелей отбасының активтерін іздей бастағаны – кейбірі бойынша шешімге келсе де, кейбірінде келген жоқ. Олардың ойынша, бұл отбасы, әрине, 150 млрд-тан астам мүлкі, капиталы, активі әрбір жерде бар. Назарбаевты біз атағанда жалғыз өзін емес, отбасымен бірге атау керек. Ол өзі, үш қызы, екі күйеубаласы, маңайында жүрген басқа да адамдары бар», - деген болатын экс-премьер.

«Бұл ақпараттың қаншалықты негізі бар?» деген сұрақ бүгін Аманат партиясына жиналып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі сөйлеген спикерлерге қойылған. Депутат Марат Бәшімов бұл тұрғыда әркім әртүрлі, субъективті пікір айтуы мүмкін екенін айтады.

«Жеке ойымды айтайын: одан да көп шығар, кім біледі? Мүмкін 400 млрд? Оны біз білмейміз. Біреу ұшақпен ұшырып әкеткен деп айтады. Бірақ субъективті түрде жеке басым нақты айта алмаймын», - дейді Марат Бәшімов.

Ал Әділет вице-министрі Алма Мұқанова “әр жерден дәлелсіз айтылып жатқан сандарға назар бөлгенше білетін азаматтар дәлелдемесі, құжаттары болса, комитетке жіберуге мүмкіндігі бар” деп атап өтеді.

«Мемлекетке көмек тигізем деген адам болса, журналистер қауымдастығы да журналистік тергеу жүргізіп жатыр. Егер бірқатар дәлелдеме бар болса, сіздер оларды комитетке жіберіңіздер. Комитет оны ертең тексереді», - деді Мұқанова.

Серіктес жаңалықтары