×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бұл туралы сөз жоқ – Антикор өкілі Назарбаеваның "Оператор РОП"-ты басқарғаны жайлы

13.10.2023, 13:48
Бұл туралы сөз жоқ – Антикор өкілі Назарбаеваның "Оператор РОП"-ты басқарғаны жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Антикордың Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның "Оператор РОП" ісіне қатысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз "Оператор РОП" компаниясына қатысты істі аяқтадық. Өздеріңіз білетіндей, ол бойынша сот процесі өтті, үкім жарияланды", - деді Қанат Сүлейменов.

Журналистер Антикор өкіліне "Оператор РОП" ісі бойынша куәгерлер Әлия Назарбаеваны сыбайлас жемқорлық жолымен алынған қаражатты иемденген адам ретінде атап көрсеткенін Amanat партиясының Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың өзі мәлімдегенін еске салды.

"Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де бұл азаматтардың уәждеріне назар аудармады. Егер Біз Қазақстанда әділ қоғам құрғымыз келсе, онда мұндай жағдайларда әрбір азамат сотқа жүгініп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуі тиіс", – деді ол.

Алайда Сүлейменов бұған жауап ретінде:

"Ал, қылмыстық істе бұл туралы сөз жоқ", – деп қысқа қайырды.

Еске салайық, “Оператор РОП” қызметкерлеріне шілдеде сот үкімі шыққан. 22 қыркүйекте Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Оператор РОП" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Тергеушілер "Оператор РОП" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде, Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.

Сотталушылар "Оператор РОП" компаниясының нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған. Алайда ол сотқа шақырылған жоқ.

Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы Назарбаеваны жауапқа тарту мәселесіне қатысты түсініктеме берген.