Көлік Бас прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде салық органдарының хабарламаларды заңсыз шығаруына қатысты заң бұзушылықтар анықталды, деп жазды Ulysmedia.kz.
Мәселен, фискалдық органдар кәсіпкерлер тарапынан жіберілген бұзушылықтардың шекті сомасын есепке алмаған және консультативтік хабарламалардың орнына міндетті хабарламалар жіберген.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар заңсыз жіберілген, себебі уәкілетті органда үстелдік бақылау рәсімін бастауға заңды негіз болмаған. Салық органының бұл заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына әкеліп соқты және жалпы сомасы 336 миллион теңгеден астам сомаға қосымша салық есептілігін тапсыруға мәжбүр етті.
Қадағалау органының ұсыныстары негізінде кәсіпкерлерге жіберілген 268 хабарлама кері қайтарып алынды. Салық органдарының осы заңсыз әрекеттеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінің бес лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.