×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Таныс қызын “жезөкше” деп атаған жігіт сотталды

15.10.2023, 08:55
Фото: Ашық дереккөз

Жамбыл облысында ер адам қызды жезөкшелікпен айналысты деп айыптаған TikTok желісінде жарияланған видеоға қатысты іс сотта қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ер адам жала жапқанын, кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Соттың ресми сайтында Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 73-3-бабының 2-бөлігімен жала жабуға байланысты әкімшілік іс қаралғаны жазылған. Сот хабарламасында 2023 жылдың қазан айында А. есімді азаматтың TikTok әлеуметтік желісінде С. есімді қызды жезөкшелікпен айналысты деп жалған айыптап, оның беделі мен ар-намысына нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан видеоны жариялағаны көрсетілген.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші де оны кешіріп, істі тоқтатуды сұраған.

Тараптардың бітімгершілік келісімі нәтижесінде сот облыс тұрғынын әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы шешім шығарып, іс тоқтатылды. Алайда бұл қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары